"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2020 жылдың 12 ақпанында Лисаков Жоғарғы Тобол тарихы мен мәдениеті мұражайында Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушылары үшін "Ортағасырлық қалалық орталықтары және Қазақ хандығының астаналары" сабағы өтті.
Музей қызметкерлер Қазақстанның киелі объектілері туралы сабақтар циклін дайындады. Бұл циклдің мақсаты оқушылардың Қазақстанның киелі объектілері туралы білімдерін қалыптастыру, тарихи ескерткіштер мен қасиетті орындарды дәріптеу, рухани құндылықтарды нығайту болып табылады.
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/688-o-ushylar-a-aza-stanny-kieli-ob-ektileri-turaly.html#sigFreeId7c459ef8f7